№7 лекция

7. Орыс православие шіркеуі: діннің сипатындағы ерекшеліктер мен эстетикалық артықшылықтары. Ежелгі орыс мәдениеті мен икона жазу ісі. Шіркеулер мен құлшылық жасау түрлері.

 

Православ шіркеуі — христиан дінінің негізгі тармағының бірі. 395 ж. Римнің батыс және шығыс империясына бөлінуіне байланысты туындады. Православ шіркеуінің теологиялық негізі Византияда 9 — 11 ғ-ларда қалыптасты. Өз алдына шіркеу ретіндегі бағыты 1054 ж. христиан шіркеуінің католиктік және православтық болып бөлінуіне байланысты айқындалды. Бөлінудің басты себептерінің бірі Рим папасын бүкіл христиандардың бірінші басшысы деп тануы және батыс шіркеуінің киелі рух, әке және бала “құдайлар” жайлы ұғымдарының қайшылығынан туындады. Православ шіркеуі бірнеше автокефальдық шіркеулерден құралады. Ресейде 1448 жылдан орыс православ шіркеуі бар. Діни сенім негізі Інжілге және киелі өсиетке жүгінеді. Негізгі қағидалары Құдайға үштік бірлік тұрғысынан сену. Қазақстандағы христиандардың басым бөлігін православ сеніміндегілер құрайды. Бұл сенімдегілердің дүние жүзіндегі саны 150 млн. шамасында.

Орыс православие шіркеуі (РПЦ) 988 жылы қасиетті князь І Владимир кезінде орталығы Киевте болып Константинополь Шіркеуінің Митрополяисы ретінде құрылды. Қазіргі уақытта РПЦ Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы — Кирилл. равославие (бұл — Құдайды дұрыс мадақтау дегенді білдіреді) — шіркеулердің бөлінуі нәтижесінде ХІ ғасырда бөлініп шығып ұйымдастырылып құрылған христиандықтың бір бағыты болып табылады. Православиенің сенім негізін Қасиетті жазу мен Қасиетті хикая құрайды. Православиенің негізгі қағидаттары сенім белгісінің 12 тармағында берілген. Православие сенімінің маңызды белгілері құдай бірлігінің догмасы (Құдай Әке, Құдай Бала және Құдай Қасиетті Рух) болып табылады. Иисус Христтің құдай кейпіне өтуі, күнәсін жууы, қайта түлеуі және жоғары көтерілуі болып табылады.

Православие үшін күрделі, егжей-тегжей әзірленген тәртіп тән, әрекет негізін жеті басты дәстүр — құпия құрайды: шоқыну, тазару, (евхаристия), тәубеге келу (ғибадат), мирамен майлап шоқындыру, зәйтүн майымен шоқындыру (шіркеуде), неке, дін ұстану. Православиеде басты құдайға құлшылық ету — литургия, басты мереке -Пасха. Дін басылары аққа (үйленген приход священниктері) және қараға (монахтар, некесіздік сөзін беретіндер) бөлінеді. Ерлер және әйелдер моностырьлері бар Монах қана епископ бола алады.

Қазіргі уақытта православиеде 15 автокефаль шіркеуі бар: Албан, Александрия, Америка, Антиохия, Болгар, Грузин, Иерусалим, Кипр, Константинополь, Польша, Румын, Орыс, Сербтық, Чехословак, Эллада және 4 автономдық шіркеу: Крит, Синай, Финляндия, Жапондық

Католиктерде және православияда иконаға табыну 787 ж. 7-ші Дүниежүзілік құрылтайымен орнатылған.

Икона болмағанымен coғaн жақын түрлi мүciн, қасиеттi дүниелерге табыну ламаизм мен будда дiндерiнде де кeңiнeн тapaғaн. Икона жазу тар мағынасында орта ғасырда қалыптасқан бейнелеу өнepiнiң бiр тармағы.

Біздің заманымыздағы алғашқы ғасырларында өмір сүрген отырықшы славян тайпалары Римдік империя мәдениетімен таныс, содан әсер алған тайпалармен, халықтармен араласып, шығысеуропалық үлкен аумақта қоныстанады. Орыс мемлекеттілігі пайда болған аумақтағы халық Византия, Иран, Кавказ жерлерімен, болгарлықтарымен шекаралас жатқандьщтан олардың жоғары дамыған қолөнерін, жазуын, сәулетін, кескіндемесін ұйренді. Славяндықтар ұзак жорықтарға шығып, көптеген оқиғаларға катысқан. Кейіннен табылған VI—IX ғғ. ескерткіштеріне қарап, көптеген мәселенің шешімін табуға болады, заттардың әр түрлі сарында және формада жасалғандығы түсіндіріледі.

Бұл заттарға жататындар: қолөнер, тұрмыстық және жоралғы ескерткіштер, қыш ыдыстар, сұйектен жасалған тарақтар, еакина, білезіктер, ат әбзелдерінің бөлшектері, бойтұмарлар, пұттар пішіндері. Белгіленген әрбір өрнек қандай да бір нысанды білдіреді. Мифоло- гиялық көріністегі белгілі бір заттардың қалыптарын бейнелейді. Мөселен, сырға мен сақиналар — Күн, гүл, Айды елестетеді. Заттардың ор біреуінің өзіне төн мағынасы болды. Славяндықтар өзен мен көлге, ағаш пен тасқа табынды. Археологияльщ зерттеулер барысында табылған пұттар бейнесінің қарапайым тастардан айырмашылығы көп емес. Олар бейнелеу сарындары мен шартты белгіленуі бойынша ерекшеленеді.

нақыштау және шекіме болды. Мұндағы бейнелеу сарындары Мран мен Византия бейнелерінен келіп шығады.

IX—X ғғ. қалыптасқан мемлекет Киевтік Русь атауын алады. Киевтік Русь Еуропаның саяси өмірінде маңызды орын алды. Онда жаңа мемлекеттік мәдениетпен катар жазу жұйесі мен христиандық іиі калыптаса бастады. Тұрмыстық мәдениеттегі дәстүр бір дәуірден екінші дәуірге өзгеріссіз көшеді. Иран-сасанидтік, скифтік, эллинистік өнерден алынған өрнек ерекшелігі, сарындар мен нысандар өзгермейді.

Христиандық дін жас орыс мемлекетінің рухани мәдениетінің, көзқарасының қалыптасуына ықпалын тигізеді. Адам өзінің қайталама ірічиііеліктерімен табиғат өлемінен бөлініп шығады. 988—1019 жылдары князь Владимир Святославович тұсында қабылданған христиандық, дінге қатысты, көркемөнер мен құрылыста қызу жұмыс басталады.

XI ғ. соңында Киевте князьдер билікке таласып кұреседі де, Русь ыдырап кетеді. Тек XII ғ. гана өз саясатын өзі анықтайтын мемлекетке айналады.

XII ғ. Русьтегі қалалардың өсуімен, орыс қоғамының бірігуімен ерекшеленді. Өнердегі салтанатты, монументті стиль XI ғ. аяғы — XII ғ. басында камералық стильге өзгереді, ондағы өнер тұрғылықты өмір салтына жақын болды.

XII ғ. өнеріндегі стиль князьдік сарайдағы шеберлер қызмет істейтін шеберханалардан басқа, монастырьлардағы жеке шеберханалар пайда бола бастайды. Олар тапсырыспен қатар, жаппай сату ұшін де жұмыс істейді. XIII ғ. 30—90-жылдарынан бастап көркемөнердегі қызмет қалалық және қаладан тыс орналасқан шағын монастырьларда жасалды, көбінесе икондар мен қолжазбалар, шағын көлемді миниатюраларды әшекейледі. Ғибадатхана құрылыстарында жаңа көркемөнерлік талғамдар пайда бола бастады. Бұл даму өр алуан мәдениет орталыктарында әр тұрлі ерекшелігімен көрінді.

XIII—XIV ғасырларда орыс мәдениетінің орталығы Новгород қаласы болды. Кескіндемелік және сәулетшілік ескерткіштерімен өзін «Ұлы мәртебелі Новгород» деп атаған бұл тарихи қаланы шетелдік бір автор «байлығы жағынан тек Риммен ғана теңесе алады» деп бағалауы тегіннен-тегін емес сияқты. Мұндағы орыс халқының рухы сіңген өнер дүниелерінің бірі Новгород Кремліндегі қасиетті София соборы, Юрий монастырының Георгиев соборы және т.б. Дүниені табындырған әсемдіктің ұлы ескерткіштерінің қатарына жататын Киев соборының тікелей ықпалымен салынған Новгород Софиясы өзіне ғана тән ерекшеліктері бар құдіретті де, сымбатты ғимарат. Новгородтың князьдік ғибадатханаларының ішіндегі ең мәртебелісі Юрий монастырын орта ғасыр дәуірінің даңқты ғимараттарының қатарына әбден жатқызуға болады. Христиан мәдениетінің ажырамас бөлігі икона («бейне» деген мағынаны білдіретін грек сөзінен шыққан) жасау ісінде дәл Ресейдегідей соншалықты ғажайып туындылар жасалып, ғасырлар бойы бүкіл бір халықтың бейнелеу өнерінің сүйікті түрі болған жоқ. Икона сюжеттері діни христиандық негізге құрылды. Ал сол Новгородтық иконалардың бүгінге дейін сақталғандардың ішінде әлемдік маңызы ғажайып дүниелер бар. Солардың бірі шамамен XII ғасырдың соңында жасалған «Алтын шашты періште». Осы бір таңғажайып естен кетпес бейнеде қаншалық биік, таза сүлулық бар десеңізші.

Mәскеулік кезең мәдениеті

жойылды, бірақ орыс еліне шығыс мәдениетінің әсері толастай қойған жоқ. XIV—XV ғасырларда кескіндеме ісінде Мәскеу мектебінің шоқтығы биік болды. 1390 ж. шамасында Мәскеуге Новгородта асқан өнерімен даңққа бөленген Феофан Гректің шақырылуы қаланың көркін одан әрі түрлендіре түсті. Ол XIV—XV ғасырларда Мәскеудің көркемдік өмірінің басты тұлғасына айналды. Феофанның Мәскеуде жасаған туындыларынан салтанаттылықты, өмірге деген құштарлықты айқын аңғаруға болады. Орыс өнерінің ұлы шығармасы деп танылған — Мәскеу Кремліндегі Благовещенск соборының икона тасын (1405 ж.) жасау Феофан Гректің басшылығымен және кейіннен өнер дүниесінде аты аңызға айналған Андрей Рублевтің (1360—1430 ж. шамасы) қатысуымен жүзеге асырылды. Андрей Рублев көзінің тірісінде аса көрнекті шебер болып саналғанымен, шынайы даңққа өлгеннен кейін көп жылдар өткен соң ғана бөленді. Оның есесіне бұл талас тудырмайтын дүниежүзілік даңқ болатын. Рублевтің ең таңдаулы шегіне жете айқындалған шығармасы — қасиетті «Үштік». Суретші византиялық композицияларды ой елегінен өткізе отырып, басты назарды үш періштенің бейнесіне аударған. Сезімдері бірдей, ойлары ортақ үш періште бейнелері өздерінің әсерлі көріністерімен, қасиетті пейілдерімен, жан жүректі жарып шыққан мейірімділіктерімен, пәк сезімдерімен тартымды. Иә, бұл мәңгілік ажырамас тұңғиық бірлік дүниесі, сондықтан да біз бұл үш шығарманың сюжетін адамға тән бүкіл талпыныстардың тиянақ табуы деп қабылдаймыз. Ұлы шебердің осы бір ғажайып туындысының алдында тұрғанда Леонардо да Винчидің «Кескіндеме — өнер падишасы» деген даналық пікірін еріксіз еске аласыз. Халықаралық қарым-қатынастардың кеңеюіне, мемлекеттік аппараттың өсуіне және қалалық өмірдің жандануына байланысты ағартушылық ісі жолға қойылды. Соның нәтижесінде XVII ғасырда халықтың сауаттылығы біршама өсті. Сол кездегі мәліметтер бойынша сауаттылық помещиктер арасында 65%, көпестерде — 96%, ал шаруалар арасында небәрі 15% болған (Добрынин В.И.[1]. — М., 1993. — С. 87). XVII ғасыр ортасына қарай мемлекеттік және жеке мектептер ашылып, онда түрлі пәндермен қатар шет тілдері де оқытыла бастады. 1637 ж. Мәскеуде Ресейдің тұңғыш жоғары оқу орны Славян-грек-латын Академиясы ашылды. Оған Италияның Падуан университетін бітірген ағайынды Лихудалар басшылық жасады. Батыстық ықпалмен алғашқы театр қойылымдары қойыла бастады. 1675 ж. орыс театрының сахнасында алғаш рет балет қойылды. Ресейдің XVII ғасырдағы мәдени өмірінің басты ерекше- ліктерінің бірі өнер адамдарының Мәскеуге шоғырлануы болды. Сондықтан да болар, елдің әр түкпірінен келген сәулетшілер, зергерлер, суретшілер және т.б. орыс халқының даңқты мәдениет мұраларының бірі Кремльдегі «Қару-жарақ палатасының» жұмыстарына белсене араласқан. Осы орайда реалистік өнердің қалыптасуына айрықша үлес қосқан, өнер теоретигі, XVII ғасырдың аса ірі суретшісі С.Ф. Ушаковтың (1626—1686 ж.) мерейі үстем болды. Отыз жылдан астам уақыт орыс мемлекетінің барлық көркем творчествосын басқарған, өнер саласындағы қажымаc қайраткер, әрі тамаша педагог Ущаковтың аса көрнекті адам болғаны даусыз. Ол сонымен қатар келесі ғасырда тамаша өркендеген орыстың портреттік кескіндемесінің негізін қалаушылардың бірі болды. XVII ғасырдың бірінші жартысында шеберлер А. Константинов» Б. Огурцов және т.б. салған Мәскеу Кремліндегі атақты Терем сарайы (1635—1636 ж.) сол кездегі азаматтық құрылыстың ішіндегі ең ірісі болса, ал Никитинкадағы Троица шіркеуі (1635—1653 ж.) XVII ғасырдан сәулетшілік және кескіндемелік ;ізденістен туған сүйкімді әшекейліктің сөлі болып саналады.XVII ғасырда миниатюра да, графика да гүлдеді, бірақ солардың ішінде орыстың зергерлік және қолданбалы өнерінің шоқтығы биік болды.XVII ғасырдың басындағы Ресей топырағындағы мәдени өзгерістер Ұлы Петрдің реформаларымен тығыз байланысты болды. Бұл кезеңде, халық тарихының жаңа дәуірі басталды. Ресейдің жаңа заман мәдениетінің басты сипаты — оның басқа халықтар мәдениеттерімен тығыз байланыста дамуы болды. Ұлттық тұйықтықты бұзу мақсатында жүргізілген көрегендік мемлекеттік саясаттың нәтижесінде Батыс елдермен қарым-қатынастар арнасы кеңейіп, Ресейге гуманистік және рационалистік ілімдер біртіндеп ене бастады. Абсолютизм идеологиясы Еуропалық ағартушылық, рационализм идеяларымен толықтырылды. Бұл өзгерістер мәдениет саласына да өз ықпалын тигізбей қойған жоқ. Дифференциация процесі басталып, мәдениеттің жаңа салалары қалыптаса бастады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *